Жүктеу менеджері, жаңа тіркеме мәзірі, басқа қолданбалармен тікелей эфир және т.б.

Read the original announcement in English
Жүктеу менеджері, жаңа тіркеме мәзірі, басқа қолданбалармен тікелей эфир және т.б.

Бүгінгі жаңарту жүктеуді басқаруға, құжатты жылдам бөлісуге, жібермес бұрын медиа альбомды қайта реттеуге, арнаңызды теледидар станциясына айналдыруға және т.б. арналған құралдарды алып келеді.

Жүктеу менеджері

Telegram қолданушылары кез келген түрдегі көлемі 2 ГБ-қа дейін файлды жібере алады және шексіз бұлттық сақтау арқылы оларды кез келген құрылғыдан аша алады. Файлдар белсенді жүктеліп жатқанда, енді Іздеу тақтасында жаңа таңба пайда болады.

Таңбаны басыңыз немесе іздеу тақтасындағы «Жүктеу» қойындысына өтіп, оларды көріп басқара аласыз, барлық жүктеуді немесе жеке элементті тоқтатып, қайта жалғастырыңыз, біреуін таңдап оның басымдылығын арттырыңыз немесе чаттан көріңіз.

Жаңа тіркеме мәзірі

Бірнеше сурет немесе бейнені жібергенде, тақтаның жоғарғы жағындағы '… таңдалды' батырмасын басып, альбомның чатта қалай көрінетінін алдын ала көріңіз және таңдалған медианы қайта реттеңіз немесе жойыңыз.

iOS-та Attach тіркеме мәзірі толықтай қайта жасалды, енді ол Android қолданбасына сәйкес келеді. Қолданба ішіндегі камера теңшеуі галереяға әдемі біріктірілген, ал жаңа навигация тақтасы суреттерге, файлдарға, орын бөлісуге және т.б. жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жаңартылған «Файл» қойындысы жақында жіберілген файлдарды көрсетеді және оларды атауы бойынша іздеуге мүмкіндік береді.

Android-та жартылай мөлдір бетбейне

Түнгі режімде тақталар мен тақырыптарда нәзік мөлдірлік әсері бар, бұл чат фонын, стикерді және медианы жылжытқанда көрінетін етеді.

Біз бұндай әсерді басқа ешбір Android қолданбасында көрмегенбіз. Бұл жаңарту әлемдегі ең үздік визуалды технологияларды басқа платформалардан Android-қа алып келеді.

iOS қолданушылары Telegram-да жартылай мөлдір тақырыптар мен төменгі жолақтарды 2021 жылдың маусымынан бері қолданып келеді.

Қайта жасалған кіру үдерісі

Android пен macOS-та кіру тәсілі жатық жаңа анимациялармен жетілдірілді. Android-та кіру кодыңыздағы цифрлардың қалай сырғып орнына келетінін көре аласыз.

macOS-қа арналған Telegram қолданбасында QR кодпен кіру экранында Матрица кодтарының қалай төмен түсетінін көресіз. Ақ үйректің артынан ер, Нео.

Telegram қолданбалары қолданушыларға әртүрлі телефон нөмірлерімен бірнеше тіркелгіге бір уақытта кіруге мүмкіндік береді.

Телефон нөміріне сілтеме жасау

Кез келген адам баптауда бірегей @username жасай алады, бұл басқаларға телефон нөміріңізді бөліспей-ақ іздеу арқылы немесе t.me/username сілтемесі арқылы байланысуға мүмкіндік береді.

Бұл жаңарту сондай-ақ телефон нөміріңізге тікелей t.me сілтемесін бөлісуге мүмкіндік береді, ол бірден сізбен чат ашады.

Телефон нөміріне сілтеме жасау

Бұл сілтемелердің форматы t.me/+123456789, толық телефон нөмірі халықаралық форматта жазылады.

Әрине, сілтеме құпиялық баптауыңыз басқаларға телефон нөміріңіз арқылы сізді табуға рұқсат етсе ғана жұмыс істейді.

Басқа қолданбалармен тікелей эфир

Топтар мен арналарда шексіз көрермен тікелей бейне эфирлерді қолдау бар. Біз кәсіби блогерлер мен журналистердің жазылушыларына жету үшін Telegram тікелей эфирлерін жиі қолдана бастағанын байқадық.

Бұл жаңартумен сіз OBS Studio мен XSplit Broadcaster сияқты ағындық құралдардан тікелей эфир жасай аласыз, қабаттасулар мен көп экранды орналасуларды оңай қосып, кез келген Telegram арнасын кәсіби теледидар станциясына айналдыра аласыз.

Эфирді бастау үшін тобыңызда жаңа бейнечат немесе арнаңызда жаңа тікелей эфир ашыңыз, «Бастау» батырмасын басыңыз және сол жерде көрсетілген ақпаратты стримдейтін құралыңызға енгізіңіз.

Жақсырақ сапа үшін бағдарламалық кодтауды (OBS-та x264) қолдануды ұсынамыз.

Көрермендеріңіз эфиріңізді көру үшін қолданбаларын соңғы нұсқаға жаңартуы қажет.

Жаңа t.me беттері

t.me/durov сияқты t.me сілтемесімен кез келген адам тіпті Telegram-ға тіркелмеген болса да, бейінді, жазбаны немесе тұтас жария арнаны браузерінде көре алады.

Бұл веб көрінісі толыққанды Telegram Web клиентінен чат фондарын және дизайн элементтерін қосып, жаңа көрініске ие болды.


Telegram-ның көпұлтты командасында Украинадан шыққан көптеген мүшелер бар. Біз қақтығыстың дереу аяқталуын тілейміз. Бұл қиын уақытта біз Telegram-дағы жұмысымыз адамдарға маңызды ақпаратқа, ресми расталған мәлімдемелерден бастап бейбіт тұрғындарды қауіпсіздікке жеткізетін әуе шабуылдары туралы ескертулерге дейін жылдам қол жеткізуге көмектесетінін білу арқылы жұбаныш табамыз. Жүрегіміз осы соғыстан зардап шеккендердің барлығына ашық.

Біз Telegram-ның шектеулі байланыс аймақтарында адамдарды байланыстыру және қызметтің үзілуіне төтеп беру мүмкіндігін жетілдіруді жалғастырамыз.


2022 жылы 11 наурыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026