Жария жазбаны іздеу, хикая альбомы, сыйлықтар жиынтығы және т.б.

Read the original announcement in English
Жария жазбаны іздеу, хикая альбомы, сыйлықтар жиынтығы және т.б.

Бүгіннен бастап Telegram бойынша жария жазбаларды ғаламдық іздеу, хикаяларды альбомдарға сұрыптау, сыйлықтарды жиынтықтарға ұйымдастыру, боттарды жаңа стильді шағын қолданба арқылы басқару және тағы басқа мүмкіндіктер қосылды.

Жария жазбаны іздеу

Іздеу бетінде енді «Жазба» қойындысы бар, онда жария арналардан сәйкес нәтижелерді көре аласыз. Бұл нақты ақпаратты тез табуды, әртүрлі дереккөздерді шолуды және бұның бәрін бір өте жылдам бетбейнеде іске асыруды жеңілдетеді.

Жазба бойынша іздеу алдымен Telegram-ды бүкіл әлемдегі миллиардтан астам қолданушы үшін тегін, жылдам және қауіпсіз ұстауға көмектесетін Telegram Premium жазылушылары үшін қолжетімді.

Хикая альбомдары

Сүйікті демалыс хикаяларыңыз, үй жануарлары суреттері және басқа да сәттерді бейініңізде хикая альбомдарына біріктіре аласыз, осылайша ең жақсы оқиғаларыңыз бен мемдеріңізден жинақтар жасайсыз.

Бизнес тіркелгілер және контент авторлары арналарындағы хикаяларды да альбомдарға біріктіріп, өнімдердін көрсетуге, контентті плейлисттерге топтастыруға қолдана алады.

Хикаяларды альбомға қосу үшін бейініңіздегі немесе арнаңыздағы «Жазба» қойындысына өтіп, «Альбом қосу» батырмасын басыңыз.

Сыйлық жиынтықтары

Енді бейініңізге немесе арнаңызға сыйлықтарды жиынтықтарға қоса аласыз, оларды кейіп, сирек кездесетін немесе кез келген басқа сипаттама бойынша топтастыра аласыз.

Бір сыйлықты бірнеше жиынтыққа қосуға болады, бұл сізге шексіз санда комбинациялар жасауға мүмкіндік береді. Жиынтықтар сонымен қатар оңай шолу үшін сүзгілер бойынша сұрыптауды қолдайды.

Сыйлықтарды жиынтыққа қосу үшін бейіндегі немесе арна бейініндегі «Сыйлық» қойындысын ашып, сыйлықты таңдап, «Жиынтыққа қосу» түймесін басыңыз.

Бейін рейтингі

Telegram қолданушы бейіндерінде енді рейтинг таңбасы көрсетіледі. Ондағы сан Telegram жұлдыздарын қолданып жасалған сәтті транзакциялардың жалпы көлеміне сәйкес келеді.

Рейтинг Telegram-дағы деңгейіңізді барлығына көрсетеді және арна иелеріне сіз оларға жазба ұсыныстары мен басқа да сұранымдармен жүгінген кезде сізге сене алатынын түсінуге көмектеседі.

Сыйлықтар сатып алу, ақылы хат жіберу және жұлдыздары бар ұсынылған жазбаларға ақы төлеу рейтингіңізді арттырады, бірақ сатып алынған жұлдыздар үшін қаражатты қайтару немесе сыйлықтарды жұлдыздарға айырбастау рейтингіңізді төмендетеді.

Premium сыйлықтары

Telegram-дағы сыйлықтар танымал болғандықтан жаңалары бірнеше минут ішінде сатылып кетеді. Нарықта басқа қолданушылардан сыйлықтар сатып алуға болатын болса да, біз оларды шығарылған соң бірден сатып алу мүмкіндігін бергіміз келеді.

Жақында тек Telegram Premium қолданушыларына қолжетімді жаңа сыйлық түрі пайда болады. Әрбір қолданушы осы сыйлықтардың шектеулі санын сатып ала алады. Жаңалықтарды бақылап жүріңіз!

Premium Gifts

Telegram сыйлықтарының көбі әлі де барлық қолданушы үшін қолжетімді, кейбір шектеулі шығарылымдағы сыйлықтар үшін Premium жазылымы қажет.

BotFather шағын қолданбасы

Бот пен шағын қолданба әзірлеушілері енді оларды жаңа @BotFather шағын қолданбасында басқара алады. Ол сізге боттарды жасаудан бастап теңшеулерді, белгішелерді және сипаттамаларды жаңартуға дейін қажеттінің бәрін жасауға мүмкіндік береді.

Кез келген әзірлеуші толық экран режімін, жазылымдарды, басты экран таңбашаларын, геолокацияны, құрылғы қозғалысын бақылауды және тағы басқаларды қолдайтын шағын қолданбалар жасай алады.

Telegram-ның 1 миллиардтан астам қолданушысы үшін қызметтер мен ойындар жасауға қызығушылық танытсаңыз, осы нұсқаулықтан бастаңыз.

Бүгінге осы, бірақ жақында жаңа мүмкіндіктердің жаңа жиынтықпен (немесе альбоммен?) ораламыз.


2025 жылы 31 шілде
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026