Шағын қолданба тақтасы, ақылы медиа, хикая іздеу және т.б.

Read the original announcement in English
Шағын қолданба тақтасы, ақылы медиа, хикая іздеу және т.б.

Маусымдағы жаңарту сізге шағын қолданбаларды ықшам тақтаға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді, контент жасаушыларға арналарын ақылы сурет пен бейнелерден табыс табуға көмектеседі және хикая бөлімін жетілдіріп, хештег немесе орналасқан жер бойынша іздеуді, сондай-ақ жаңа сілтеме виджетін енгізеді.

Бүгіннен бастап шағын қолданба әзірлеушілері мен контент жасаушылар тапқан жұлдыздар арқылы Toncoin түрінде сыйақы алуға немесе Telegram жарнамаларын жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік алады.

Шағын қолданба тақтасы

Ай сайын 500 миллионнан астам Telegram қолданушысы шағын қолданбалар арқылы өнімдер сатып алады, қызметтерге қол жеткізеді және ойындар ойнайды.

Енді шағын қолданбаларды экранның төменгі жағындағы тақтаға жинай аласыз. Бұл сізге хаттарға жауап беруге немесе басқа шағын қолданбаларды ашуға мүмкіндік береді, кейін қолданбаны қайта жүктемей-ақ оған оралуға болады.

Әйтеуір бір атжалманға көз қырын салып жүру керек шығар. 😌

Қолданбаны кішірейту үшін оның тақырыбын төмен қарай сырғытыңыз. Қайта ашу үшін экранның төменгі жағындағы тақтаны басып, белсенді қолданбалардың бірін таңдаңыз.

Әзірлеуші болсаңыз, толық ақпарды осы беттен көре аласыз.

Жұлдыз арқылы контентке төлем жасау

Өткен айда жұздыз жүйесін шағын қолданбалардағы цифрлық өнімдерді сатып алу үшін іске қостық.

Енді контент жасаушылар өз арналарында ақылы суретті немесе бейнені жариялап, жұлдыз қабылдай алады. Жазылушылар бұндай жазбаларды тек авторға төлем жасағаннан кейін ғана көре алады.

Тек теңіз жұлдыздарыңызды бақылағаны үшін адамдардан ақы алғыңыз келсе болғаны. 😌

Жасаушылар жұлдыз арқылы Toncoin криптовалютасында сыйақы ала алады немесе оларды арналарын жарнамалауға қолдана алады, Telegram-нан шамамен 0% комиссия.

Хикаяны хештег арқылы іздеу

Кез келген чаттағы #хештегті басқанда, өз чаттарыңыздан және жария арналардан сол тегке қатысты іздеу нәтижелерін көресіз. Бұл жаңартуда хикая жазбаларындағы хештегтерді басқанда сәйкес тегтері бар жария хикаяны көруге болады.

#Көбірек көріңіз келсе. 😌

Контент жасаушы немесе бизнес иесі болсаңыз, хештегтер аудиторияңызды кеңейтуге көмектеседі, Telegram қолданушылары бейініңізді немесе арнаңызды табиғи түрде таба алады.

Telegram Business жасаушылар мен компанияларға арналған қуатты мүмкіндіктерді ұсынады және ол Telegram Premium-мен бірге тегін қолжетімді.

Хикаяны орналасуы арқылы іздеу

Демалыстағы, іс-шарадағы қолданушылар өз хикаясына орналасқан жерін қоса алады. Бұл басқаларға әдемі көріністерді немесе дәмді тағамдарды қайдан табуға болатынын көрсетеді.

Орналасқан жерді басқанда сол жерден жарияланған жария хикаяны көре аласыз, осылайша кешегі концертті қайта еске алып немесе келесі сапарыңызды алдын ала көре аласыз.

Мүмкін біз ғаламда жалғыз емеспіз. 😌

Сізге көруге рұқсат етілген хикаяны ғана іздеу нәтижелерінде көрсетіледі. Жеке хикая ешқашан іздеу нәтижелерінде шықпайды.

Premium: Хикаядағы сілтеме виджеті

Premium қолданушылары хикаяға сілтеме виджетін қоса алады. Бұл сурет немесе бейнеде стильді сілтеме көрінісін жасайды және ол ашық әрі қараңғы фонды** қолдайды.

Тек 1000 суреттен гөрі үлкен сілтеме жақсы болуы мүмкін. 😌

Сілтеме виджеті сізге жеке сілтеме атауын қосуға мүмкіндік береді, ол көріністегі сілтеме мәтінін алмастырады.

Контент жасаушылар мен әзірлеушілерге сыйақылар

Цифрлық тауарлар мен қызметтерді ұсынатын бот әзірлеушілері және арналарын ақылы жазбалармен табыс табатын жасаушылар енді тапқан жұлдыздар арқылы Toncoin сыйақысын ала алады немесе Telegram жарнамаларын сатып ала алады.

Telegram іс жүзінде комиссия алмайды, тек салықтар мен төлем жүйесінің алымдары қолданылады. Жұлдызды Telegram жарнамасының тіркелгісіне аударғанда, Telegram үшінші тарап төлем жүйесінің барлық алымын жабу үшін 30% жеңілдік қосады.

Toncoin сыйақылары

Арнаңызда немесе ботыңызда жұлдыз болса, оларды Fragment арқылы Toncoin сыйақысы ретінде ала аласыз. Toncoin – The Open Network-тің негізгі валютасы, ол әлемдегі ең жылдам блокчейн. Оларды кез келген басқа криптовалютаға оңай ауыстыра аласыз.

Жұлдыздарды жинау түпкі мақсатыңыз болмаған жағдайда ғана. 😌

Боттағы жұлдыз теңгерімін көру үшін Бейін → Өңдеу → Теңгерім бөліміне кіріңіз. Арналар үшін Бейін → Статистка → Табыс бөліміне өтіңіз.

Жасаушылар мен әзірлеушілерге арналған жеңілдетілген жарнама

Кез келген адам өз боты, арнасы немесе тобы үшін жария Telegram арналарында құпиялықты сақтайтын жарнамаларды орналастыра алады.

Бот әзірлеушілері мен контент жасаушылар өз ботын немесе арнасын жұлдыз арқылы 30% жеңілдікпен жарнамалай алады, бұл жаңа қолданушыларға қол жеткізудің тиімді жолы.

Жасаушылар мен әзірлеушілерге арналған жеңілдетілген жарнама

Зефир сынағын жеңген болсаңыз ғана. 😌

Жұлдыз арқылы жарнама жасау үшін ботыңыздың немесе арнаңыздың Теңгерім немесе Табыс бөліміне кіріп, «Жарнама сатып алу» таңдаңыз. Жұлдыз тек оларды тапқан сол бот немесе арнаны жарнамалауға қолданылады.

Толық ақпар алу үшін Бот әзірлеушілеріне арналған қызмет көрсету шарттарын және Контент жасаушыларға арналған шарттарды қараңыз.

Бүгінге осы, келесі жаңартуды әзірлеудің орнына хикая қарап, ойын ойнап жүреміз.


2024 жылы 30 маусым,
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026