Ақылы хат, бекітілген сыйлық, растау платформасы 2.0 және т.б.

Read the original announcement in English
Ақылы хат, бекітілген сыйлық, растау платформасы 2.0 және т.б.

Бүгінгі жаңарту контент жасаушылар мен көпшілікке танымал тұлғаларға құпиялықты көбірек бақылауға және танымалдылықты ақшаға айналдырудың жаңа жолдарын ұсынады. Енді кіріс хаттарды сүзгілей аласыз, тыныштығыңызды қорғай аласыз және аудиторияңызбен байланыста бола отырып, Telegram жұлдыздарын таба аласыз.

Бұл жаңарту сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу үшін жаңа чаттарға арналған ақпар бетімен, жұлдыздар арқылы Premium сыйлау мүмкіндігімен және стартаптарға қолданушыларды тексеруде үнемдеуге көмектесетін Растау платформасы 2.0-мен келеді және т.б.

Ақылы хаттар арқылы кіріс жәшігіңізді бақылауда ұстаңыз

Көп хат алсаңыз, контакт тізіміңізден тыс қолданушылардан келетін хаттарға ақы орната аласыз. Бұл уақытыңызды бағалайтындар ғана сізге жаза алатынын қамтамасыз етеді, кіріс жәшігіңізді толық бақылауға алып, назар аударғаныңыз үшін жұлдыздар табуға мүмкіндік береді.

Бұл мүмкіндікпен сіз:

  • Қажетсіз хаттарды сүзгілеп, кіріс жәшігіңізді шамадан тыс толудан қорғайсыз.
  • Әр хаттың мәнді болуын қамтамасыз етесіз, бейтаныстар тек жұлдыз төлесе ғана хат жібере алады.
  • Құпиялық пен тыныштықты сақтай отырып, танымалдылығыңызды ақшаға айналдырасыз.
  • Жаңа әңгімелерге ашық боласыз, бірақ спам мен хат тасқынынан қорғайсыз.

Бұл баптауды топ чаттары мен арна талқылауларына да қолдануға болады, осылайша қарым-қатынасты шоғырланған әрі спамсыз етіп, топ иелеріне қауымдастықты ақшаға айналдыруға және мәнді әңгімелерден жұлдыздар табуға көмектеседі.

Ыңғайлы басқару және жедел қайтарымдар

Ақылы хаттардың ыңғайлы баптаулары бар, белгілі бір қолданушыларға немесе топ мүшелеріне тегін хабарласуға рұқсат бере аласыз. Хат жіберілгеннен кейін ерекше жағдай қажет болса, жұлдыздарды бір батырманы басып дереу қайтаруға болады.

Жұлдызды хаттарды қалай қосуға болады

Жеке чаттарда: Telegram Premium-ға ие екеніңізге көз жеткізіңіз, содан кейін Баптау > Құпиялық пен қауіпсіздік > Хат бөліміне өтіңіз.
Топтарда: Рұқсаттар бөлімінде «Ақылы хат» баптауын қосыңыз.

Хаттарыңызды басқарыңыз, уақытыңызды үнемдеңіз және танымалдылығыңызды мүмкіндікке айналдырыңыз, сонымен бірге поштаңызды қауіпсіз және басқаруға оңай етіп сақтаңыз!

Контакт растауымен кім хабарласып жатқанын біліңіз

Енді бейтаныс адам алғаш рет хабарласқанда, сізге толық ақпар беті көрсетіледі. Жауап бермей тұрып-ақ, алаяқтарды анықтауға, басқа біреудің атын жамылып келетіндерді ажыратуға және кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды тексеруге көмектеседі.

Бұл бет жіберуші жайлы маңызды мәліметтерді береді:

  • Елі (телефон нөміріне негізделген).
  • Ортақ топтар (бар болсаңыз).
  • Telegram-ға қосылған уақыты – жаңа тіркелгілерді ажырату үшін көріңіз.
  • Соңғы рет қолданушы аты немесе бейін суретін жаңартқан уақыты – кенеттен өзгерістерді анықтауға ыңғайлы.
  • Анық көрсеткіштер: қолданушының ресми тіркелгі екенін, үшінші тарап растағанын немесе жай ғана қарапайым қолданушы екенін көрсетеді.

Бұл жаңа функцияның көмегімен сіз назарыңызды кім аударатынын басқара аласыз, енді белгісіз жіберушілерге екінші рет болжам жасамайсыз немесе алаяқтардың арбауына түспейсіз. Әлеуетті серіктеспен, жанкүйермен немесе жаңа досыңызбен сөйлесіп жатсаңыз да, сізде оңай және сенімді түрде қатысу керек пе, жоқ па, соны шешу үшін қажетті ақпар болады.

Жұлдыздар арқылы Premium сыйлаңыз

Енді Telegram жұлдыздарыңызды қолданып, басқаларға Premium артықшылықтарын сыйлай аласыз. Теңгеріміңізді қолданып, осымша ақша жұмсамай-ақ, достарыңызға Premium сыйлаңыз.

Ақылы хаттардан тапқан жұлдыздарыңызды мерекелерді атап өтуге немесе достарыңызға Premium жазылымын сыйлап, құттықтауға қолданыңыз: эксклюзивті мүмкіндіктер, жылдам жүктеулер, жеке эмоджилер және т.б.

Жұлдыз арқылы Premium жазылымын біреуге сыйлау үшін бейініне кіріп, ⋮ / ⋯ → Сыйлық жіберу басыңыз.

Жұлдыздарды Fragment арқылы шешіп алыңыз

Ақылы хаттар арқылы жұлдыз тапқан қолданушылар мен топтар оларды Fragment арқылы шешіп алып, құнды сыйақыларға айналдыра алады. Бұл сыйақыларды бірден Telegram Ads сатып алуға, TON блокчейніндегі жиынтық заттарға және тағы басқаға қолдануға болады.

Жұлдыздарды Fragment арқылы шешіп алыңыз

Техникалық себептерге байланысты жұлдыздарды тапқаннан кейін 21 күннен соң шешіп алуға болады.

Топтағы жұлдыз теңгерімін басқару

Ақылы хаттардан жұлдыз алатын топ иелері енді топ бейінінен тікелей жұлдыз теңгерімін көріп, басқара алады. Бұл тапқан жұлдыздарды басқару мен қолдануды жеңілдетеді.

Сыйлықтарды бейінде көрсету

Енді таңдаулы сыйлығыңызды тасумен қатар, тағы 6 сыйлықты бекітіп, оларды сыйлық қойындысында және бейін мұқабасында көрсете аласыз.

Сыйлықтарыңызды Бейінім → Сыйлық бөлімінде көріп, сұрыптап, бекіте аласыз.

Бейнелерді Android-тан Chromecast-қа стримдеңіз

Android қолданушылары енді достарымен мемдерді немесе жиналыста маңызды контентті көрсету үшін бейнелерді тікелей Chromecast құрылғыларына стримдей алады.

Бейнелерді Android-та Chromecast-қа стримдеңіз

Chromecast-қа жіберу: бейнені ашып, баптау таңбасын басыңыз да, Chromecast-ты таңдаңыз.

Қолданушыны растауынан үнемдеңіз

Telegram Gateway – қолданушыларды растаудың үнемді әрі құпиялыққа бағытталған шешімі. Ол бизнеске клиенттердің телефон нөмірлерін дәстүрлі SMS құнынан әлдеқайда төмен бағамен тексеруге мүмкіндік береді.

Telegram-ның Растау платформасы бұрыннан басқа қызметтерден 9 есе арзан болатын, енді ол 20%-ға тиімдірек! Бүгінгі жаңарту әзірлеушілерге барынша жылдам жеткізу уақытын орнатуға мүмкіндік береді, код осы уақыт ішінде жеткізілмесе, ол автоматты түрде қайтарылады.

Басқа қызметтерде SMS тексеру бір хатқа 0.50$ немесе одан да көп тұруы мүмкін, ал Telegram Gateway тек 0.01$ бағамен растау ұсынады.

Бұл қызметті тегін сынауға болады, стартаптарға артық шығындарды қысқартып, жақсы өнімдер жасауға назар аударуға мүмкіндік береді. Толығырақ нұсқаулықтан оқып, бүгіннен бастап үнемдеуді бастаңыз!

🚀 Бүгінге осы, Telegram-ның көктемгі жаңартуларына дайын болыңыз!


2025 жылы 7 наурыз,
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026