Telegram браузері, шағын қолданба дүкені, жұлдыз сыйлау және т.б.

Read the original announcement in English
Telegram браузері, шағын қолданба дүкені, жұлдыз сыйлау және т.б.

Бүгінгі жаңарту жаңа құрамдас браузерді әкелді, ол бірнеше қойындыны қолдайды және Web3-ті миллиардтаған қолданушыға қолжетімді етеді, жаңа түрдегі шағын қолданбалар, достарға жұлдыз сыйлау мүмкіндігі және т.б. жаңалықтар бар.

Telegram браузері

Құрамдас браузерде ашылған беттерді енді жасырып, төменгі тақтадан қайта ашуға болады, бұл сізге хаттар мен веб-сайттар, көз жүрігту мақалалары және шағын қолданбалар арасында еркін ауысуға мүмкіндік береді.

Telegram браузері TON-да орналастырылған орталықтанбаған сайттарды қолдайды, барлық ұялы және Desktop қолданбасында. Бұл Web3-ті бір миллиардтаған айлық қолданушыларымызға бірден қолжетімді етеді.

Әйтеуір, криптоны әлемге танытқыңыз келсе болғаны. 😌

Енді мақала оқығанда веб-бетті қарап отырғанда немесе ойын ойнағанда мәлімдеме келсе, оны тексеріп, үдерісті жоғалтпай қайта орала аласыз. Сондай-ақ беттерді кейін қайтып келу үшін бетбелгіге қосуға болады.

Әзірлеушілер TON Sites жайлы көбірек білу үшін ton.org сайтына кіре алады немесе getting-started.ton бетін Telegram-ның соңғы нұсқасында аша алады.

Шағын қолданбалардан хикаяға бөлісу

Шағын қолданбалар енді жеке контентті жасай алады, мысалы: ЖИ бейнелері, жетістіктер немесе лидерборд скриншоттары және оларды қолданушылар хикая ретінде бөлісе алады. Бұл жаңа қолданбалар түрін жасауға мүмкіндік береді және бар қолданбалардың аудитория арасында таралуына көмектеседі.

Тек мысықтарыңыздың бөлісетін хикаясы болуы мүмкін. 😌

Әзірлеушілер бұл мүмкіндікті қосу жайлы толық ақпарды осы беттен ала алады.

Достарға жұлдыз сыйлау

Жұлдыз арқылы шағын қолданбаларда цифрлық өнімдерде сатып алуға немесе арналардағы ақылы контентке қол жеткізуге болады. Енді жұлдыздарды достарыңызға сыйлық ретінде сатып алып бере аласыз.

Достарыңызда Premium бар болуы мүмкін. 😌

Жұлдыз сыйлау үшін Баптау → Жұлдыз бөліміне өтіңіз (iOS-та бұл мәзірді әзірге тек өзіңізге жұлдыз сатып алған болсаңыз көресіз).

Туған күнін атап жатқан қолданушылар тізімнің жоғарғы жағында арнайы бөлімде көрсетіледі. Сыйланған жұлдыздар чатта әдемі анимацияланған сыйлық қорапшасы түрінде шығады.

Бейнехат жазғанда жарқыл қосу

Енді бейнехаттар жазғанда экранды жарықтандыру үшін алдыңғы жарқылды қолдануға болады, қараңғыда түсіруді жеңілдетеді.

Хат жолағындағы микрофон таңбасын басып бейне жазуға ауысыңыз. Камера таңбасын басып тұрып бейнехат жазыңыз. Жазуды жалғастыру үшін жоғары сырғытыңыз және төменгі сол жақтағы жарқыл таңбасын басыңыз.

Хикаядағы ауа райы виджеті

Қолданушылар енді хикаяға анимациялы ауа райы виджетін қоса алады. Күн шуақты селфиден бастап, шаңғы тебуге дейін.

Ыстық сияқты түсіріп алу керек болған жағдайда ғана. 😌

Виджет өздігінен Цельсий (°C) немесе Фаренгейтке (°F) ауысады, көрерменнің құрылғы баптауына байланысты. Ашық түндерде ай фазасын көрсетеді.

Сондай-ақ хикаяға музыка, сілтемелер немесе орналасуды қосуға болады.

Хикая мұқабасы

Бейінге бейне хикая жариялағанда, оның мұқаба суреті ретінде қай кадр қолданылатынын таңдай аласыз.

Хикаяны мұқабасына қарап бағалауыңыз мүмкін. 😌

MacOS-та браузер мен шағын қолданба қойындылары

macOS-қа арналған Telegram қолданбасындағы жаңа браузерді көріңіз, ол ойындар, шағын қолданбалар, көз жүгірту беттері және Web3 ton-sites үшін қойындыларды қолдайды.

Компьютеріңізде ойнауға әуес болып қалуыңыз мүмкін. 😌

Шілде жаңартуы осымен аяқталды. Тамыздағы жаңартуды ашық қойындыларымыздың арасынан күтеміз.


2024 жылы 31 шілде
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026