Сыйлық, растау платформасы және т.б.

Read the original announcement in English
Сыйлық, растау платформасы және т.б.

Енді қолданушылар достарына сыйлықтар жібере алады. Сыйлық алушылар оларды өздерінің бейіндерінде көрсете алады немесе оларды жұлдызға айналдыра алады. Жұлдыздарды көптеген нәрселерге қолдануға болады, соның ішінде контент жасаушыларды қолдау және шағын қолданбаларда қызметтер сатып алу.

Сонымен қатар Telegram бизнеске клиенттердің телефон нөмірлерін растау үшін жаңа платформаны іске қосты: бұл растау платформасы қолданушыларға Telegram арқылы код алып, телефон нөмірлерін оңай растауға мүмкіндік береді және бизнеске әр қолданушы үшін бар болғаны $0.01 тұрады. Біз сондай-ақ бейнечаттарды жақсарттық, Telegram-даға контентке шағымдану жолдарын кеңейттік және т.б.

Сыйлық

Telegram қолданушылары енді бір-біріне мерекелерді атап өту және контактілерді анимациялы суреттермен және жеке хаттармен құттықтау үшін жұлдыздар арқылы сыйлықтар жібере алады.

Жұлдыздың орнына жалғыз мүйіз беру керек болған жағдайда ғана. 😌

Сыйлық алған кезде оны профиліңдегі жаңа «Сыйлық» қойындысында көрсете аласыз немесе сыйлықты алып тастап, оның Жұлдыздарының бір бөлігін басқа жерге жұмсай аласың, соның ішінде жаңа сыйлықтарға.

Сыйлық жіберу үшін қолданушының бейінін ашып, ⋮ / ⋯ → Сыйлық жіберу таңдаңыз. Кез келген хат немесе эмоджи қоса аласыз.

Сыйлық жіберіп жатыр

Жалғыз мүйіздің түсіндіруі қажет болған жағдайда ғана. 😌

Сыйлық жібергенде атыңызды жасыра аласыз. Алушы кім жібергенін біледі, бірақ сыйлық бейінінде көрсетілсе, басқа ешкім атыңызды көрмейді.

Растау платформасы

Өз тәжірибемізден бизнес үшін клиенттердің телефон нөмірлерін растау қаншалықты қымбат болатынын білеміз. Бүгіннен бастап кез келген бизнес, қолданба немесе веб-сайт Telegram арқылы растау кодтарын жібере алады және оларды Fragment арқылы төлей алады. Telegram кодтары SMS немесе басқа баламаларға қарағанда жылдам, арзан, қауіпсіз әрі ыңғайлы.

Компанияңыздың бюджетінің жартысын кодтарға жұмсағыңыз келмеген жағдайда ғана. 😌

Қолданушылар кодтарды Telegram ішіндегі арнайы чатта бірден алады.

Telegram-ның Gateway API-і толықтай тегін сынауға қолжетімді. Қызығушылық танытқан әзірлеушілер біздің толық нұсқаулықтан көбірек біле алады.

Жақсартылған шағыну бетбейнесі

Telegram модераторлары күн сайын біздің қызмет көрсету шарттарын бұзатын миллиондаған контентті жояды. 2015 жылдан бері барлық Telegram қосымшалары қолданушыларға хабарламаларды модераторларға шағынуға мүмкіндік береді.

Модераторлардың шағымдарды ауқымды көлемде өңдеу қабілетін және ЖИ мүмкіндіктерімізді жақсарту үшін шағыну мәзірі әр санат үшін одан да көп нақты теңшеулермен кеңейтілді. Шағыну себептерінің тізімі енді серверден динамикалық түрде жаңартылып отырады, бұл бізге оқиғалар мен трендтерге бейімделіп, ең өзекті себептерді нақты уақытта ұсынуға мүмкіндік береді.

Дәл осыны хабарлауыңыз керек болған жағдайда ғана. 😌

Хатқа шағыну үшін Android-та хатты басыңыз, iOS-та хатты басып тұрыңыз немесе Desktop/Web-та тінтуірдің оң жақ батырманы басып, «Шағыну»-ды таңдаңыз.

iOS-та қайта жасалған бейнечаттар

iOS-тағы бейнечаттар өнімділікті арттыру және батареяның қызмет ету мерзімін жақсарту үшін толықтай қайта жасалды.

Бұл енді құрылғылардың ұзақ қоңыраулар кезінде ондаған қатысушы бірнеше бейне стримін бөліссе де өзінде салқын болып қалатынын білдіреді.

iOS-та қайта жасалған бейнечаттар

Сізде қазірдің өзінде жылы қолғаптар болуы мүмкін. 😌

Telegram-дағы бейнечаттар камераңызды көрсетіп, экраныңызды бөлісуге мүмкіндік береді.

Android-та RTMP эфирлері

Telegram-ның Android нұсқасы енді RTMP арқылы тікелей эфирді қолдайды, бұл сізге эфир кілтін жасауға және бейне стримді OBS Studio пен XSplit Broadcaster сияқты танымал қолданбаларға қосуға мүмкіндік береді.

Тек андроидтар RTMP эфирлерін армандайды. 😌

RTMP эфирлері барлық Telegram қолданбасында қолжетімді, олар алғаш рет iOS пен Desktop-та 2022 жылы енгізілген.

Бүгінге осы. Сыйлықтарды ашумен айналысып жатқаныңызда, жаңа мүмкіндіктерді әзірлеуді жалғастырамыз.


2024 жылы 5 қазан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026